---
title: "Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметшілерімен аттестаттау мәселелері бойынша кездесу"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-01-18T08:11:41+00:00"
modified: "2017-01-18T08:11:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-rli-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-attestattau-m-seleleri-boyynsha-kezdesu-750098"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-rli-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-attestattau-m-seleleri-boyynsha-kezdesu-750098/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметшілерімен аттестаттау мәселелері бойынша кездесу

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2017 жылдың 18 қаңтар күні Бөрлі ауданының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестаттау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңес барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә. Исақовпен аттестаттаудың негізгі бағыттарына тоқталып, аттестаттау тәртібін, оның мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын, аттестаттау комиссиясының шешіміне қатысты шағым жасай алатын мүмкіндіктер түсіндірілді.

Аттестацияны тоқтаусыз және сапалы өткізу мақсатында Департамент басшысы Б.Ә.Исақов мемлекеттік органдардың басшыларына аттестация бойынша іс-шаралардың өткізілуін жеке бақылауға алуларын тапсырды.

Семинар-кеңес соңында қатысушылармен қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық-түсіндірмелік роликтер көрсетілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-rli-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-attestattau-m-seleleri-boyynsha-kezdesu-750098](https://yvision.kz/kk/post/b-rli-audanyny-memlekettik-yzmetshilerimen-attestattau-m-seleleri-boyynsha-kezdesu-750098)