---
title: "Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді"
description: "Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Орталық Концерт Залында Бүркіт пен Аишаның \"Тау-тау сезім\" атты ш..."
author: "kaztube1"
published: "2013-04-19T12:05:09+00:00"
modified: "2013-04-19T12:05:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-rkit-pen-aisha-tau-tau-sezim-atty-n-keshin-tkizdi-348708"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-rkit-pen-aisha-tau-tau-sezim-atty-n-keshin-tkizdi-348708/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді

> Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Орталық Концерт Залында Бүркіт пен Аишаның "Тау-тау сезім" атты ш...

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Орталық Концерт Залында Бүркіт пен Аишаның "Тау-тау сезім" атты шығармашылық кеші өтті. Кешке халық көп жиналды. Ерекше сезімде болғаны сөзсіз.

Мынау сахнаның сырты. Халық енді жиналып, концерт басталғалы жатқан кез.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/3vFU4A4g7JC5XVtFuW45X9yb024566.jpg)

Бүгінгі кештің иесі - Бүркіт. Концертінің қалай өтетінін іштей уайымдап, толқып тұрған сияқты. Ештеңе білдірмеуге барынша тырысып-ақ жүр :)

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/mfpQ75G3XcNeIOc999icv01N33kx8i.jpg)

Бүркіт пен Аишаның "Тау-тау сезім" атты кешінің жүргізушілері - КешYOU тобы. Концерт басталғанша қызу дайындық болып жатыр.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/7CQ7ajxSD8N88x2wD67dQkHB4T8jFy.jpg)

Бұл концерттегі бүкіл биді басынан аяғына дейін өздері атқарып шыққан - VIVA би тобы.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/i2hoLTYx0p7JM0gbe3u2iMi6m9A3BP.jpg)

"Бүркіт досымыздың кешіне арнайы сыйлық жасап келдік,"- дейді Нұр-мұқасан. Алматыдан арнайы ұшақ арылтып келіпті :)

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/3gdzFS0IlP8zF1PqOwEUabwOAT088X.jpg)

КешYOU тобы кешті ашып болған соң "Асықпа" әнін орындады.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/1c1I1GYtUjvPJN6ZHESA6MWPyullsc.jpg)

Нұр-мұқасан VIVA би тобымен бірге.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/hRFUub2NBH7COjutQ4ITHT6ds5qgLV.jpg)

Сүйемелдеу де болды.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/bM9fV61in908wP3YscUTN4wVLmI0z5.jpg)

Инстаграм, Твиттер сияқты әлеуметтік желілерге жіберетін суреттерге түсу барысы :)

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/TgI13AZIikfOVfbD3kX0X1zcdaj39J.jpg)

Биыл Бүркіт пен Аиша LG компаниясының жарнамасына түскен болатын. Сондықтан LG компаниясының демеушілігімен концертте мына гаджет ойнатылды. Яғни, LG компаниясы мен Бүркіт-Аиша шығармашылығына қатысты 3 сұрақ қойылады. Соған тез арада дұрыс жауап берген көрермен Айдананың қолындағы смартфонға ие болды.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/97qqTtZZNslhFGx08U5l605ajWF0mS.jpg)

Біз бұл жолы концерттің арт жағын, сахнаның сыртын түсіргіміз келді. Солай жасадық та. Залда көрермен көңілді отыған сияқты. Билеп, күліп отырғандарын шапалақтарын қаттырақ ұрғандарынан байқадық.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/8ay3z0m2ySxs1YeBfsJcM18A9xB9Fm.jpg)

Мың бұралып билейтін Аиша сұлу концерттің аяқ жағында шықты. Ән салды, биледі. "Тау-тау сезім", "Туған жерім менің" атты хит әндердің қатары толығады алдағы уақытта. Тағы да керемет жаңа әндер айтылды.

![Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» атты ән кешін өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/kaztube1/i7QcUoAdIYZYCV2n5Rh6HakcyKnB2G.jpg)

Өкінішке қарай біз тек Нұр-мұқасан тобынан ғана сұхбат алып үлгердік. Алдағы уақытта осы концерттің видеосын, мына сұхбатты да көретін боласыздар. Ертең порталымызға концертті жүктеуіміз де мүмкін. Бізбен бірге болыңыздар! :)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-rkit-pen-aisha-tau-tau-sezim-atty-n-keshin-tkizdi-348708](https://yvision.kz/kk/post/b-rkit-pen-aisha-tau-tau-sezim-atty-n-keshin-tkizdi-348708)