---
title: "Бәрін маған жасағаны Иемнің"
description: "Гүл көктем. Сол көктемі сыр бойының. Нәр бергендей затыма. Тағы ды қойып шықтым бір қойылым. өмір ө..."
author: "nuriman"
published: "2013-05-22T03:03:21+00:00"
modified: "2013-05-22T03:34:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-rin-ma-an-zhasa-any-iemni-353808"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-rin-ma-an-zhasa-any-iemni-353808/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бәрін маған жасағаны Иемнің

> Гүл көктем. Сол көктемі сыр бойының. Нәр бергендей затыма. Тағы ды қойып шықтым бір қойылым. өмір ө...

![Бәрін маған жасағаны Иемнің](https://storage.yvision.kz/images/user/nuriman/67QOgBegDFVNsOYEb8FB8b0BOKEAd5.jpg)

Гүл көктем.

Сол көктемі сыр бойының.

Нәр бергендей затыма.

Тағы ды қойып шықтым бір қойылым.

өмір өзі сахна.

 

Күн шықты асыл кеудең тоңбасын деп,

Тұла бойды жылытты.

Леп соқты көңілге күй орнасын деп.

Жүрек мұңды ұмытты.

 

Жапырақ лас ауаны жиып-терді,

Хош иісін шығарып.

Жаратқан табиғатты иіп берді,

Жан дүниемді суарып.

 

Төсек – жер, жамылғы – аспан.

Бәрін маған жасағаны иемнің.

Жұмсауға жастығымды жалындаған.

Ақиқатқа сүйендім.

 

Ізгілік, аңсаймын тек адалдықты,

Әппақ арман көңілде.

Арсыздық, имансыздық, надандықты

Көзім соқыр көруге.

 

Адамдар, мені бір сәт ойлаңдаршы,

Соқыр болам қашанғы.

өтінем, адамдықтан таймаңдаршы,

Неге бәрі жасанды?!

 

Үйіме жылап қайтам, күліп шығып,

Жүрегім дал-дал бола.

Сынсада мейлі жастай үміт шыбық,

Шүкір жалғыз Аллаға!

Шүкір жалғыз Аллаға!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-rin-ma-an-zhasa-any-iemni-353808](https://yvision.kz/kk/post/b-rin-ma-an-zhasa-any-iemni-353808)