---
title: "БҚО ветеринария басқармасы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары"
description: "«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-01-12T06:52:03+00:00"
modified: "2017-01-12T06:52:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-veterinariya-bas-armasy-boyynsha-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerine-b-korpusy-memlekettik-kims-747171"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-veterinariya-bas-armasy-boyynsha-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerine-b-korpusy-memlekettik-kims-747171/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО ветеринария басқармасы бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары

> «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру ...

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің негізгі жолдарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаменті 2017 жылдың 11 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізді.

Департамент басшысының орынбасары М.С.Нұртазин алдағы уақытта өткізілетін «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттау мәселелері бойынша, аттестаттау кезеңдеріне, деңгейлеріне, өтетін қызметшілерінің санаттарына нақты тоқталып ақпараттандырды.

Семинарға мекеменің 20 мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатысты. Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып оларға түсіндірме берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-veterinariya-bas-armasy-boyynsha-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerine-b-korpusy-memlekettik-kims-747171](https://yvision.kz/kk/post/b-o-veterinariya-bas-armasy-boyynsha-memlekettik-kimshilik-yzmetshilerine-b-korpusy-memlekettik-kims-747171)