---
title: "БҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегі семинар-кеңес"
description: "2015 жылдың 29 мамыр күні сағ.11:00-де Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде а..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-05-29T08:00:43+00:00"
modified: "2015-05-29T08:03:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-tenshe-zha-daylar-departamentindegi-seminar-ke-es-505647"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-tenshe-zha-daylar-departamentindegi-seminar-ke-es-505647/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегі семинар-кеңес

> 2015 жылдың 29 мамыр күні сағ.11:00-де Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде а...

2015 жылдың 29 мамыр күні сағ.11:00-де Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде аудандық басқарма қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау» атты семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы І тоқсан қорытындысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Шарада Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты Б.Хайруллин «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары», БҚО ТЖД бас маман-писхологы А.Махимова «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің кейбір психологиялық аспектілері» тақырыптарында дәрістер оқыды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-tenshe-zha-daylar-departamentindegi-seminar-ke-es-505647](https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-tenshe-zha-daylar-departamentindegi-seminar-ke-es-505647)