---
title: "БҚО тұрғыны терроризм идеясын насихаттады деген..."
description: "2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол лаңкестікті насихаттады деген күдікке ілінген...."
author: "orazali"
published: "2024-05-23T04:31:21+00:00"
modified: "2024-05-23T04:31:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-r-yny-terrorizm-ideyasyn-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1004896"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-r-yny-terrorizm-ideyasyn-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1004896/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО тұрғыны терроризм идеясын насихаттады деген...

> 2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол лаңкестікті насихаттады деген күдікке ілінген....

2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол лаңкестікті насихаттады деген күдікке ілінген. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-r-yny-terrorizm-ideyasyn-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1004896](https://yvision.kz/kk/post/b-o-t-r-yny-terrorizm-ideyasyn-nasihattady-degen-k-dikpen-staldy-1004896)