---
title: "БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі журналисттерді кәсіби мерекелерімен құттықтады"
description: "2015 жылдың 20 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-06-29T08:14:46+00:00"
modified: "2015-06-29T08:14:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-zhurnalistterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-517498"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-zhurnalistterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-517498/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі журналисттерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

> 2015 жылдың 20 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Аген...

![БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі журналисттерді кәсіби мерекелерімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/yvhR3EUnY6XcT0WXDJYA0dkdl2DJzI.jpg)

2015 жылдың 20 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшылығы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Шараға телеарналар мен газеттердің тілшілері қатысты. Салтанатты шарада Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев Департаментке жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда көрсеткен көмектеріне үшін журналистерді алғыс хаттар және сыйлықтармен марапаттады. Алғашқы сөзінде ол мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары құрылғаннан бері, өткізіліп жатырған атаулы шаралардың БАҚ-тың белсенді ақпараттық қолдауымен және Департамент қызметін мөлдір де халыққа түсінікті ететіндігін атап өтті. Өз кезегінде журналисттер Департамент басшылығының жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, қызметтері мен әр істеріне сәттіліктер тіледі.

![БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі журналисттерді кәсіби мерекелерімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/CXz6bp0CyFq0V2H7Po2o9hGaK62e4m.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-zhurnalistterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-517498](https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmeti-zhurnalistterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-517498)