---
title: "БҚО Сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызмет балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады"
description: "Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамашылдығымен қолға алынған «Мектепке жол» акция бүгінгі күні..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-04T07:13:44+00:00"
modified: "2015-09-04T07:13:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhe-orly-a-arsy-yzmet-balalardy-zha-a-o-u-zhylymen-tty-tady-536290"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhe-orly-a-arsy-yzmet-balalardy-zha-a-o-u-zhylymen-tty-tady-536290/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО Сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызмет балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады

> Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамашылдығымен қолға алынған «Мектепке жол» акция бүгінгі күні...

![БҚО Сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызмет балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/pfBqDwFLi8WOKYj2lE5zGBaJPu5aKq.jpg)

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамашылдығымен қолға алынған «Мектепке жол» акция бүгінгі күні республика көлемінде жүргізіліп жатыр. Бұл акция бәрінен бұрын әлеуметтік бағдары бар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мектеп жасындағы бабаларын жаңа оқу жылына дайындауда көмек көрсету мақсатында жасалған.

2015 жылдың 27 тамызда Орал қаласының №10 мектебінде «Мектепке жол» акциясының қорытындылауға арналған салтанатты шара өткізілді. Акция шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев балаларды жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға мектеп киімдерін, рюкзактар және қажетті мектеп құралдарын тарту етті.

Оқушыларға арналған өзінің құттықтау сөзінде Департамент басшысы біздің еліміз байтақ, берекелі де тату халық. Біздің жеріміз пайдалы қазбаларға толы, бірақ Қазақстанның ең үлкен байлығы ол – Сіздерсіздер, деп атап өтті. Әділхан Әшірбаев: «Біз Сіздерге үлкен сенім артамыз» дей келе, балаларға зор денсаулық, сабақта сәттілік, болашақта еліміздің лайықты азаматтары болуларына тілектестігін білдірді.

Өз кезегінде, ата-аналар Департамент басшылығына өз алғыстарын білдіріп, бұндай адамгершілік қасиеттер өсіп келе жатырған жас ұрпаққа үлгі болатындығын айтып өтті.

![БҚО Сыбайлас жеқорлыққа қарсы қызмет балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/2m8ZR6ulKbD3C3VjPy5I9c9YOc73ey.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhe-orly-a-arsy-yzmet-balalardy-zha-a-o-u-zhylymen-tty-tady-536290](https://yvision.kz/kk/post/b-o-sybaylas-zhe-orly-a-arsy-yzmet-balalardy-zha-a-o-u-zhylymen-tty-tady-536290)