---
title: "БҚО Статистика департаменті ұжымымен кездесу"
description: "Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Д..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-05-26T06:57:26+00:00"
modified: "2015-05-26T06:57:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-statistika-departamenti-zhymymen-kezdesu-504843"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-statistika-departamenti-zhymymen-kezdesu-504843/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО Статистика департаменті ұжымымен кездесу

> Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Д...

![БҚО Статистика департаменті ұжымымен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/r9CTlnMrb7Z7WtlUHJ2DodL0v2GE05.jpg)

Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар кеңес өтті. Семинар кеңесте Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиев 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті. Семинар кеңеске мекеме ұжымы және БҚО Статистика департаменті жанындағы «ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК ұжымы барлығы 76 адам қатысты. Сонымен бірге, қатысушыларғажемқорлық профилактикасы бағытында және call-center 1494 жұмысы туралы видеороликтер көрсетіліп, жаднамалар таратылды.

![БҚО Статистика департаменті ұжымымен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/TtW13HmNQ71H125Pw5lCopeJsEw0yW.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-statistika-departamenti-zhymymen-kezdesu-504843](https://yvision.kz/kk/post/b-o-statistika-departamenti-zhymymen-kezdesu-504843)