---
title: "БҚО МКҚБ-дағы семинар-кеңес"
description: "2016 жылдың 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемле..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-06-15T07:56:33+00:00"
modified: "2016-06-15T07:56:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-mk-b-da-y-seminar-ke-es-697688"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-mk-b-da-y-seminar-ke-es-697688/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО МКҚБ-дағы семинар-кеңес

> 2016 жылдың 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемле...

![БҚО МКҚБ-дағы семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/ju5XxxW609MO1KvxSf0K2o5yxvotlX.jpg)

2016 жылдың 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңын түсіндіруге арналған семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаменті өкілдері қатысушыларды еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қалай талдау жүргізу жөнінде кеңінен түсіндірді.

Шара барысында бейнеролик көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

![БҚО МКҚБ-дағы семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/fC5xq1B91xThSRVMQK54CUI5NLJKmo.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-mk-b-da-y-seminar-ke-es-697688](https://yvision.kz/kk/post/b-o-mk-b-da-y-seminar-ke-es-697688)