---
title: "БҚО Әділет департаментіндегі семинар-кеңес"
description: "2015 жылдың 9 қазанында Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мекеме қызметкерлерінің қа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-10-10T00:59:43+00:00"
modified: "2015-10-10T00:59:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-dilet-departamentindegi-seminar-ke-es-577400"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-dilet-departamentindegi-seminar-ke-es-577400/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО Әділет департаментіндегі семинар-кеңес

> 2015 жылдың 9 қазанында Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мекеме қызметкерлерінің қа...

![БҚО Әділет департаментіндегі семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/V7ZO45vgI7TMt6CXVLnm7wCA0046Mp.jpg)

**2015 жылдың 9 қазанында** Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттерін, Қылмыстық Кодекстің новеллаларын түсіндіруге арналған семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін сақтау сұрақтары мен еңбек тәртібін сақтау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар алдында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанты Б.Хайруллин «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру»тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара барысында сауалнама жүргізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-dilet-departamentindegi-seminar-ke-es-577400](https://yvision.kz/kk/post/b-o-dilet-departamentindegi-seminar-ke-es-577400)