---
title: "БҚО-да «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы іске асырылуда"
description: "2017 жылдың 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-05-05T09:04:11+00:00"
modified: "2017-05-05T09:04:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-zholdarda-sybaylas-zhem-orly-ty-de-geyin-t-mendetu-boyynsha-10-adam-zhobasy-iske-asyryluda-765936"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-zholdarda-sybaylas-zhem-orly-ty-de-geyin-t-mendetu-boyynsha-10-adam-zhobasy-iske-asyryluda-765936/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы іске асырылуда

> 2017 жылдың 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...

2017 жылдың 5 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасы аясында «Шымкент-Самара» республикалық трассасында рейдтік шара өткізілді.

Шараға Департамент, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы, «ҚазАвтожол» АҚ-ның БҚОФ-ы және «ҚазАТО» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Шара шеңберінде мобильді топ мүшелері көлік жүргізушілеріне жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-zholdarda-sybaylas-zhem-orly-ty-de-geyin-t-mendetu-boyynsha-10-adam-zhobasy-iske-asyryluda-765936](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-zholdarda-sybaylas-zhem-orly-ty-de-geyin-t-mendetu-boyynsha-10-adam-zhobasy-iske-asyryluda-765936)