---
title: "БҚО-дағы мемлекеттік қызметшілер кәсіби мемлекеттік қызметті қолдайды"
description: "2015 жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-27T03:51:31+00:00"
modified: "2015-07-27T03:51:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-yzmetshiler-k-sibi-memlekettik-yzmetti-oldaydy-525113"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-yzmetshiler-k-sibi-memlekettik-yzmetti-oldaydy-525113/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-дағы мемлекеттік қызметшілер кәсіби мемлекеттік қызметті қолдайды

> 2015 жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор...

![БҚО-дағы мемлекеттік қызметшілер кәсіби мемлекеттік қызметті қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/KEvN35lB3821uP448AoxPULLv96kfV.jpg)

2015 жылдың 23 шілдесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен орталық мемлекеттік органдардың облыстағы аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлеріне семинар кеңес өткізіліп, онда мемлекеттік қызметті бұдан әрі кәсібилендіру мәселесі талқыланды.

Семинар-кеңестің ашылуында Департамент басшысының орынбасары Н.Сүйінбаев «100 нақты қадам» жаңа реформасында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру ұлт Жоспарына тоқтай келе, бұл құжат кәсіби мемлекеттік аппарат құруда ғана емес, еліміздің барлық саласының алға жылжуына себеп болатын мықты күш екендігін атап өтті.

Содан, өз сөзінде Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш 2015 жылдың I жартыжылдығындағы Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің жұмысына тоқталды.

Семинарға қатысушылар мемлекеттік қызмет аласында өткізіліп жатырған реформаны талқылап, мемлекеттік қызметшілердің білімділігі мен адамгершілік қасиеттері экономиканы күшейту, тұрақтылық пен Қазақстанның гүлденуі жолында жасап жатқан істеріне табысты болуына мүмкіндік береді деген пікірге келді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-yzmetshiler-k-sibi-memlekettik-yzmetti-oldaydy-525113](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-yzmetshiler-k-sibi-memlekettik-yzmetti-oldaydy-525113)