---
title: "БҚО-дағы мемлекеттік органдардың орналасқан алаңдарын оңтайландыру мәселесі талқыланды"
description: "2019 жылдың 29 қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жән..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-01-29T11:46:01+00:00"
modified: "2019-01-29T11:46:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-organdardy-ornalas-an-ala-daryn-o-taylandyru-m-selesi-tal-ylandy-825003"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-organdardy-ornalas-an-ala-daryn-o-taylandyru-m-selesi-tal-ylandy-825003/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-дағы мемлекеттік органдардың орналасқан алаңдарын оңтайландыру мәселесі талқыланды

> 2019 жылдың 29 қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жән...

2019 жылдың 29 қаңтарда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментібасшысының орынбасары А.С.Жұбаныш пен ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің БҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Е.Р.Суербаевтің қатысуымен БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифинг барысында БҚО-дағы мемлекеттік органдардың орналасқан алаңдарын оңтайландыру мәселесі талқыланды.

Брифингте Аманқос Жұбаныш Агенттік және Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде 2018 жылдың қараша – желтоқсан айларында Департаменттің, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының және Қаржы министрілігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінен құралған жұмыс тобымен облыстағы мемлекеттік органдарда алып отырған артық алаңдарды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілгендігін атап өтті. Облыс бойынша жалпы түгендеу кезінде 459 мемлекеттік органдар қамтылды. Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік органдарды алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын 22,1 мың шаршы метрге сақтамаулары анықталды.

Өз кезегінде, Ермек Суербаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде мемлекеттік органдарды оңтайлы отырғызу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, яғни үш жылда облыстың қала мен аудандарында 5456,8 ш.м. оңтайландырылды, бұл барлық ғимараттардың жалпы алаңының 28 %-нан астамын құрайтындығын айтты.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде артық алаңдар мен көлікті оңтайландыру нәтижелері бойынша бюджет қаражатын үнемдеу 54,0 млн. теңгені құрады (бұл коммуналдық қызмет, көлік шығындары, оның ішінде жүргізушілер мен күзетшілердің жалақысы, ЖЖМ, іссапар шығындары, автокөлікті сақтандыру).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-organdardy-ornalas-an-ala-daryn-o-taylandyru-m-selesi-tal-ylandy-825003](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-memlekettik-organdardy-ornalas-an-ala-daryn-o-taylandyru-m-selesi-tal-ylandy-825003)