---
title: "БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді"
description: "Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Аңқаты ауылында да тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл елді мекенде жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп,..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-27T10:08:37+00:00"
modified: "2024-03-27T10:11:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-a-aty-auylynda-16-yge-su-kirdi-1002708"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-a-aty-auylynda-16-yge-su-kirdi-1002708/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-дағы Аңқаты ауылында 16 үйге су кірді

> Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Аңқаты ауылында да тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл елді мекенде жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп,...

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Аңқаты ауылында да тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/95be9073122427d4da8af9c3687621.jpg)

Бұл елді мекенде жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты. Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды. Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы бөгенді ашу жұмыстары жүргізілді.

t.me/qr_tjm

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-a-aty-auylynda-16-yge-su-kirdi-1002708](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-y-a-aty-auylynda-16-yge-su-kirdi-1002708)