---
title: "БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмесі өткізілді"
description: "2015 жылдың 23 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыпт..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-28T07:48:59+00:00"
modified: "2015-09-28T07:50:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-kitap-k-rmesi-tkizildi-555620"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-kitap-k-rmesi-tkizildi-555620/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмесі өткізілді

> 2015 жылдың 23 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыпт...

![БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмесі өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/SFm6x61Fvwrw0881YF2ZMvoLj3I9VU.jpg)

2015 жылдың 23 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жәнеҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қызметі кеңінен жарықтандыру, сонымен қатар қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтілетін «Еңбек күнін» насихаттау мақсатында Департамент Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бүкіл қоғамның ісі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Кездесуге Ж.Молдағалиев атындағы кітапхананың қызметкерлерінің басқа, қалалық кітапханалардың қызметкерлері және оқырмандары шақырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға «Сыбайлас жемқорлықпен күрес–Жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Кітаптарға шолуды кітапханашы А.Гусманова жасады. Кітаптар көрмесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы кітаптар, жорналдар және газеттер қойылды. Оқырмандардың ерекше қызығушылығын М.Нұртазиннің кітаптары тудырды, соның ішінде Неміс ұлттық кітапханасындағы«Қазақстандық мемлекеттік қызмет: жай-күйі және келешегі» атты электронды түрдегі монографиясы.

Қатысушылардың алдында Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.Нұртазин сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекетік қызметпен қатар, адал еңбек, еңбектің қоғам мен адам үшін маңыздылығы туралы әңгімеледі. 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова ақпарат берді.

Шараны кітапхана директорының орынбасары С.Кенжебаева қорытындылап, ол Стратегияның еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын білдіретінін, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісін қоғам қабылдамайтынын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құжаттың уақытында қабылданғанынатап өтті.

Дөңгелек үстелдің соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, сауалнамалар толтырылды.

![БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмесі өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/f4H6bqSWZ8QRZLH1Rq4P5JapkHx7uy.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-kitap-k-rmesi-tkizildi-555620](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-kitap-k-rmesi-tkizildi-555620)