---
title: "БҚО-да супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған адам..."
description: "Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады. Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады...."
author: "orazali"
published: "2024-02-15T06:11:48+00:00"
modified: "2024-02-15T06:14:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-supermarketten-6-million-te-ge-rla-an-adam-staldy-1001175"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-supermarketten-6-million-te-ge-rla-an-adam-staldy-1001175/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған адам...

> Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады. Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады....

*Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады. *

![БҚО-да супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған адам...](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/157108dcb0dbf1ae62fa962df0af57.jpg)

Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 25 жастағы күдіктіні құрықтады. Ол Ақсай қаласындағы супермаркеттердің біріне қарақшылық шабуыл жасап, ақша ұрлаған. Күдікті сауда орнының әкімшісін аңдып, аулаға шыққан кезде ұрып-соғып, кілтін тартып алып, дабыл сигнализациясын өшіріп, супермаркетке кірген. Ол жерден 6 миллион теңгеге жуық апталық табысты жымқырып кеткен. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://t.me/POLICE_of_KZ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-supermarketten-6-million-te-ge-rla-an-adam-staldy-1001175](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-supermarketten-6-million-te-ge-rla-an-adam-staldy-1001175)