---
title: "БҚО-да студенттер арасындағы дәстүрлі пікір-сайыс турнирі өткізілді"
description: "2017 жылдың 18 ақпанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің І-ші курс сту..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-02-20T07:31:19+00:00"
modified: "2017-02-20T07:31:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-studentter-arasynda-y-d-st-rli-pikir-sayys-turniri-tkizildi-756877"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-studentter-arasynda-y-d-st-rli-pikir-sayys-turniri-tkizildi-756877/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да студенттер арасындағы дәстүрлі пікір-сайыс турнирі өткізілді

> 2017 жылдың 18 ақпанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің І-ші курс сту...

2017 жылдың 18 ақпанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің І-ші курс студенттері арасында пікір-сайыс турнирі ұйымдастырылды.

Турнирдің ашылу салтанатында Университет басшылығы мен оқытушылары, студенттер және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Хайруллин Б.М. қатысты.

Ол өз сөзінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауынан туындайтын басымдықтарға тоқталып, студенттерге бәсекеге қабілетті болу үшін үздіксіз білім алу қажет екендігін және де сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы тұруға шақырды.

Турнирге 20 команда қатысып, өз бақтарын сынады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-studentter-arasynda-y-d-st-rli-pikir-sayys-turniri-tkizildi-756877](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-studentter-arasynda-y-d-st-rli-pikir-sayys-turniri-tkizildi-756877)