---
title: "БҚО-да «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді"
description: "2016 жылдың 27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жанын..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-09-28T07:34:28+00:00"
modified: "2016-09-28T07:34:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-n-r-otan-partiyasy-zhanynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tkizildi-714603"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-n-r-otan-partiyasy-zhanynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tkizildi-714603/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді

> 2016 жылдың 27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жанын...

2016 жылдың 27 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.

Отырыста құрылыс саласындағы жұмыстардың көрсеткіштері қаралып, партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Жаңақала және Тасқала аудандарында орындалу барысы туралы мәселелер қозғалды.

Отырысқа кеңес мүшелері, партияның облыстық филиалының басшылығы, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық прокуратура, әкімдіктер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросы департаментінің өкілдері мен Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұртазин М.қатысты.

Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлеймен қозғалып отырған мәселелердің шешімі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті одан әрі қалыптастыру үшін маңызды екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол өз сөзінде кеңес жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алуға, мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жетілдіруге, жемқорлықты тудыратын себеп-салдарды жоюға, лауазымдық жағдайын теріс пайдаланушылық пен оны пайдаланып құқықбұзушылық жасауды жоюға, жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға көмектесу мақсатында құрылғандығына тоқталды.

Сонымен қатар, БҚО құрылыс басқармасының басшысы Өксікбаев А., Жаңақала ауданының әкімі Хайретденов Л. пен Тасқала ауданының әкімі Әлиев С. баяндама жасады.

Өз сөзінде Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин мемлекеттік органдардың басшыларын мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмыстарын бақылауды күшейтуге шақырды. Сондай-ақ, ол кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуге және мемлекеттік қызметшілердің әдеп ережелерін сақтауға аса мән берілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Елбасымыз жүктеген міндеттерді қатаң ұстану қажеттігін нақтылады.

Жалпы, кездесудің қорытындысында кеңес мүшелерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен әр мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдепті сақтау бойынша атқарылған жұмыстардағы кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар қатары берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-n-r-otan-partiyasy-zhanynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tkizildi-714603](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-n-r-otan-partiyasy-zhanynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-o-amdy-ke-esti-otyrysy-tkizildi-714603)