---
title: "БҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі спартакиада өткізілді"
description: "2016 жылдың 2-4 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және мемлекеттік..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-06-08T07:13:35+00:00"
modified: "2016-06-13T23:37:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-memlekettik-yzmetshiler-arasynda-d-st-rli-spartakiada-tkizildi-696789"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-memlekettik-yzmetshiler-arasynda-d-st-rli-spartakiada-tkizildi-696789/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі спартакиада өткізілді

> 2016 жылдың 2-4 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және мемлекеттік...

2016 жылдың 2-4 маусымында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық кәсіподақпен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізілді.

Аталған спартакиаданың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыту және қатысушылардың спорттық шеберліктері мен біліктіліктерін көтеру.

Спорттық сайыстарға облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған 18 команда қатысты.

Олар футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шахмат және басқа да спорт түрлерінен сайысты.

Ашылу салтанатында Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин сөз сөйлеп, команда қатысушыларына нәтижелі сайыс үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік қызметшілердің бірлігі мемлекеттік аппараттың кәсібилігін көрнекі көрсететіндігін атап өтті. Сондай-ақ, ол қол жеткізілген жетістікте тоқтап қалмай, одан әрі спорттық және де кәсіби биіктіктерді бағындыруды тіледі.

Қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары М.Тоғжанов және облыстық кәсіподақтар төрағасы Т.Т.Мерғалиев та құттықтады.

Спорттық сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Мемлекеттік кірістер Комитетінің БҚО бойынша Департаментінің командасы олжаласа, Зеленов аудандық командасы облыстық әкімдіктің командасын оза шауып, екінші орынға ие болды. Ал үшінші орынды облыстық әкімдік иеленді.

Мемлекеттік қызметшілердің арасында бірлік пен командалық рухты нығайтуға шақырған спорттық сайыс достық пен өзара түсіністік рухында өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-memlekettik-yzmetshiler-arasynda-d-st-rli-spartakiada-tkizildi-696789](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-memlekettik-yzmetshiler-arasynda-d-st-rli-spartakiada-tkizildi-696789)