---
title: "БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді"
description: "2017 жылдың 17 шілдесінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас же..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-07-18T03:56:55+00:00"
modified: "2017-07-18T03:57:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-773297"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-773297/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

> 2017 жылдың 17 шілдесінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас же...

2017 жылдың 17 шілдесінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындыларын және тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау мәселелері көтеріліп, Батыс Қазақстан облысы бойынша Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды.

Алдымен, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша Ақжайық, Жәнібек аудандары әкімі аппараттарымен атқарылған жұмыс қорытындылары қаралып, оның нәтижесі бойынша Кеңес тарапынан аталмыш аудан басшылығына: сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыру жөнінде ұсыныстар жолдау туралы шешім қабылданды.

Әрі қарай, Кеңес отырысында облыстық аумақтық мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларымен 2017 жылдың 2-тоқсанында атқарылған жұмыс нәтижелерін талдау қорытындылары қаралып, отырыс барысында аумақтық мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиялармен мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау кезінде, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының кейбір талаптары сақталмайтындығы аталып, Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушысы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Әділет Департаменті басшысының міндетін атқарушысының есептері тындалды.

Есептерді тындау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен, аталған мемлекеттік орган басшыларына мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану барысында қағида талаптарын қатаң сақтау және тәртіптік комиссия жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жолдау жөнінде шешім қабылдады.

Соңында, Кеңес отырысында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан үстіміздегі жылдың мауысым айында Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің білім саласындағы заңнамалардың орындалуына бақылау жүргізу функциясына қатысты қызметіне жүргізілген талдау барысында анықталған көптеген кемшіліктерге жол берілу мәселесі бойынша, Департамент басшысы Светлана Бахишеваның тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесімен өз қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындамағаны үшін С.М.Бахишеваға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Комитеті төрағасы атына ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-773297](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-773297)