---
title: "БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді"
description: "2016 жылғы 29 қарашада өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқо..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-11-30T00:02:12+00:00"
modified: "2016-11-30T00:02:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-731918"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-731918/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

> 2016 жылғы 29 қарашада өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқо...

2016 жылғы 29 қарашада өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, облысымыздың жергілікті мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларымен атқарылған жұмыс нәтижелері және Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу баскармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген талдау қорытындылары қаралды.

Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында жергілікті мемлекеттік органдарында құрылған тәртіптік комиссияларымен атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде Кеңес хатшылығымен жинақталған есептік мәлімет тындалып, ұсынылған ақпаратқа сәйкес есепті кезеңде тәртіптік комиссиялармен мемлекеттік қызметшілерге қатысты 48 тәртіптік іс материалы қаралып, оның 12-сі бойынша тәртіптік жаза қолдануға негіз жоқ деген ұсынымдар шығарылса, қалған 36-сы бойынша жаза қолдану жөнінде ұсынымдар беріліп, нәтижесінде 64 мемлекеттік қызметші түрлі тәртіптік жазаға тартылғаны атап өтілді.

Сондай ақ, Кеңес барысында осы аталған тәртіптік комиссиялармен мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді қарау кезінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасы, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының кейбір талаптары сақталмайтындығы, атап айтқанда талдау барысында Кағидада белгіленген тәртіпке сай комиссия құру бойынша 9 бұзушылық, қызметтік тексеруді сәйкесінше тексеру тағайындау туралы актісіз жүргізу және кызметтік тексеруді мүлдем жүргізбеу бойынша 3 бұзушылық, қызметтік тексеру қорытындысымен таныстырмау бойынша 11 бұзушылық, комиссия шешімінде ұсынылатын жаза түрін тақты белгілемеу бойынша 3 бұзушылық, жаза қолдану мерзімін сақтамау және тәртіптік жаза қолдау жөнінде актімен жазбаша таныстырмау бойынша 2 бұзушылық және тәртіптік комиссия шешімімен таныстырмау бойынша 74 бұзушылық, жалпы тәртіптік комиссия жұмысына қатысты 102 бұзушылық орын алғандығы аталып, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек және Сырым аудандарының бірыңғай тәртіптік комиссия төрағаларының есептері тындалды.

Есеп тындау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселесі бойынша жоғарыда аталған қағида талаптарын қатаң сақтау және тәртіптік комиссия жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру жөнінде Батыс Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік орган басшыларына ұсыныс жолдау жөнінде шешім қабылдады.

Бұдан әрі Әдеп жөніндегі кеңесімен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Департаментімен 2016 жылдың бірінші тоқсанында, Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу баскармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары қаралып, мекемеде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бағытында алынған шаралар жөнінде басқарма басшысы А.М.Давлетжановтың есебі тындалды.

Мәселенің қаралу қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен, басқарма тарапынан атқарылған жұмыстарға жалпы оң баға беріліп, алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстарды тұрақты және жүйелі түрде жүргізу жөнінде сәйкесінше ұсыныс беру жөнінде шешім қабылданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-731918](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-731918)