---
title: "БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 17 мамырын..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-20T04:53:18+00:00"
modified: "2016-05-20T04:53:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-694108"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-694108/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 17 мамырын...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2016 жылдың 17 мамырында өткен кезекті отырысында Теректі, Сырым, Зеленов, Тасқала, Казталов аудандарының бірқатар мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істер қаралды.

Алдымен, Теректі аудандық прокуратурасының шаруа қожалығына жалға берілген жер телімінің пайдалану мерзімін ұзартудан заңға сыйымсыз бас тарту мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Теректі ауданының жер қатынастар бөлімінің бас маманы А.М.Губанов пен Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Н.Шукеевтың, сонымен қатар Зеленов аудандық прокуратурасының егін шаруашылығын дамытуға субсидия беру үшін шаруа қожалықтарынан құжаттар қабылдау барысында белгіленген Қағида талаптарын бұзу мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Г.Бисакаевтың, сондай ақ Казталов аудандық прокуратурасының асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия беру үшін шаруа қожалықтарынан құжаттар қабылдау барысында белгіленген Қағида талаптарын бұзу мәселесіне қатысты ұсынысы негізінде Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Х.Тукпановтың тәртіптік істері қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен жоғарыда аталған тұлғалардың іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілерінің анықталмауына байланысты, аталған тәртіптік істерді тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Бұдан әрі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментімен Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімі аппаратында, осы ауылдық округі тұрғынан түскен арызды тексеру қорытындысы негізінде, округ әкімдігіне түскен өтінішке жауап беру барысында ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заң талаптарын сақтау мәселесіне бойынша Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Тулеповқа қатысты тәртіптік іс материалы қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен, аталған тұлғаның іс-әрекетінде тәртіптік теріс қылық жасау белгілерінің анықталмауына байланысты осы тәртіптік істі тоқтату жөнінде шешім қабылданды.

Соңында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментімен Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміндегі жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы негізінде, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтамау фактісі бойынша бөлім басшысы М.Ж.Нарыков пен бас маман Р.В.Сапароваға қатысты тәртіптік іс материалдары қаралып, оның қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесімен аталған тұлғаларға, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары талаптарын сақтамай тәртіптік теріс қылықтарға жол бергендері үшін **«ескерту»** түріндегі тәртіптік жазалар қолдану туралы ұсыныстар беру жөнінде шешім қабылданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-694108](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-694108)