---
title: "БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді"
description: "2016 жылдың 1 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-04-01T08:12:33+00:00"
modified: "2016-04-01T08:12:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-686840"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-686840/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізілді

> 2016 жылдың 1 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің ...

2016 жылдың 1 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің БҚО-дағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, онда Сырым, Теректі, Бөрлі және Казталов аудандарының басшы лауазымдағы мемлекеттік қызметшілеріне қатысты тәртіптік істері қаралып, Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысының есебі тыңдалды.

Алдымен, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасында 2016 жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы негізінде, басқарма басшысы С.Нұрғалиевтің есебі тыңдалып, басқармамен атқарылған жұмыстарына оң баға беріліп, басқарма басшысының есебі қаперге алынды.

Бұдан әрі, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Казталов аудандық прокуратурасының ұсынысы негізінде, Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қ.Салаватовтың асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидия беру үшін шаруа қожалықтарынан құжаттар қабылдау барысында белгіленген Қағида талаптарын бұзылуына жол беру мәселесі бойынша тәртіптік ісін қарап, нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Қ.Салаватовқа «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Казталов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына ұсыныс жолдау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Бөрлі аудандық прокуратурасының ұсынысы негізінде, Бөрлі ауданының тұрғын-үй коммунальдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Шарипов пен осы бөлім басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Т.Исамалиевтың мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу барысында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын өрескел бұзу мәселесіне қатысты тәртіптік істерін қарап, нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін аталған тұлғаларға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану жөнінде жөніндегі ұсыныстарды олардың басшыларына жолдау туралы шешім қабылдады.

Сондай ақ, Сырым және Теректі аудандық прокуратураларының ұсыныстары негізінде, Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дархан Улукпанович Жанклишев пен Теректі ауданының сәулет қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Шукеевтің жеке және заңды тұлғаларға жер телімдерін беру барысында ҚР Жер кодексінің талаптарын бұзуға жол беру мәселелеріне қатысты тәртіптік істерін қарап, нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін аталған тұлғаларға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану жөнінде сәйкесінше аудан әкімдеріне ұсыныс жолдау туралы шешімдер қабылдады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-686840](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-dep-zh-nindegi-ke-esti-kezekti-otyrysy-tkizildi-686840)