---
title: "БҚО-да болашақ әртістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылым қойды"
description: "2016 жылдың 9 желтоқсанында сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні аталып өтуде. Бұл күн Батыс..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-12-09T09:06:58+00:00"
modified: "2016-12-09T09:06:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-bolasha-rtister-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-oyylym-oydy-735738"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-bolasha-rtister-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-oyylym-oydy-735738/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да болашақ әртістер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылым қойды

> 2016 жылдың 9 желтоқсанында сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні аталып өтуде. Бұл күн Батыс...

**2016 жылдың 9 желтоқсанында с**ыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні аталып өтуде. Бұл күн Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты насихаттауға арналып отыр.

**ЖОО-ның, колледждердің студенттері және мектеп оқушыларымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылының ішінде түрлі іс-шаралар өткізілген болатын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен түрлі акциялар, флэш-мобтар, көрмелер, сыныптық сабақтар, сурет сайысы, дөңгелек үстелдер, дебаттар өткізілді. Шаралардың түрлі формада өткізілуінің себебі, оқу орындарында жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеудегі жұмыстың тиімділігіне жағдай жасау болып табылады.**

Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай, ағымдағы жылдың 6 желтоқсанда Құрманғазы атындағы саз колледжінде «Жемқорлықпен күрес – ортақ ісіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Департаменттің өкілі М.Харесова, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. М.Харесова өз сөзінде жастардың құқықтық сана сезімін көтерудегі, қазақстандық патриотизм, жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында, Департаментпен жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.

Дөңгелек үстел барысында студенттердің тарапынан Департамент өкіліне сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

Содан, колледждің болашақ әртістерімен «Жемқор, мен сен емеспін!» тақырыбында қойылым қойылды. Бұнда жемқордың рөлін сомдайтын үлкен әртістер емес, керісінше, «Режиссура» факультетінің 1-ші курс студенттері. Бұл қойылым жас әртістер үшін – салмақты деңгейдегі алғашқы жұмыстары. Алайда, жас әртістердің әрқайсысы жемқорлық жөнінде өздерінің ойлары мен көзқарастарын көрсетуге тырысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-bolasha-rtister-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-oyylym-oydy-735738](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-bolasha-rtister-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-oyylym-oydy-735738)