---
title: "БҚО-да арнайы мониторингтік топ мүшелері Ұлттық баяндаманың жобасын талқылады"
description: "2019 жылдың 1 ақпанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қар..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-02-01T11:05:03+00:00"
modified: "2019-02-01T11:05:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-arnayy-monitoringtik-top-m-sheleri-ltty-bayandamany-zhobasyn-tal-ylady-825297"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-arnayy-monitoringtik-top-m-sheleri-ltty-bayandamany-zhobasyn-tal-ylady-825297/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да арнайы мониторингтік топ мүшелері Ұлттық баяндаманың жобасын талқылады

> 2019 жылдың 1 ақпанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қар...

2019 жылдың 1 ақпанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысы өткізілді.

Шараға арнайы мониторингтік топ мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде облыстық арнайы мониторингтік тобының басшысын тағайындау және оның құрамын жасақтау, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама» жобасын қоғамдық талқылау және «Сырым» кеден шекара бекетіндегі жағдайлары талқыланды.

Кезекті отырысқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов қатысып, облыстық арнайы мониторингтік тобы қызметінің маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылардың көпшілік дауысымен облыстық арнайы мониторингтік тобының басшысы лауазымына «Батыс Қазақстан облысы «Заман» өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Айгүл Серікқызы Туркина тағайындалды.

Департамент басшысы Б.Исақов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамасы жасақталып, жарияланатындығын мәлімдеді.

Ол Ұлттық баяндаманың мақсаты - Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын тиімді талдау, сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жағдайы мен таралу дәрежесі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мен алдын-алу шаралары болып табылатындығын атап өтті.

Өз кезегінде, шараға қатысушылар өз ойларын білдіре отырып, уәкілетті орган баяндаманы жасақтау барысында жүргізілген жұмыс қорытындыларының барлығын назарға алғандығын нақты айтты. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелік және тиімді іс-шаралар халықаралық дәрежелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тарту арқылы үнемі даму үстіндегі ұлттық тәжірибені және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірегей саясатты құруға мүмкіндік берді.

Шара барысында мониторингтік тобының мүшелері мен қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерімен алмасты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-arnayy-monitoringtik-top-m-sheleri-ltty-bayandamany-zhobasyn-tal-ylady-825297](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-arnayy-monitoringtik-top-m-sheleri-ltty-bayandamany-zhobasyn-tal-ylady-825297)