---
title: "БҚО-да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде брифинг өтті"
description: "2017 жылдың 12 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалының алаңында Қазақста..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-01-12T07:09:29+00:00"
modified: "2017-01-12T07:09:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-brifing-tti-747182"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-brifing-tti-747182/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО-да «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде брифинг өтті

> 2017 жылдың 12 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалының алаңында Қазақста...

2017 жылдың 12 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО бойынша филиалының алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақовтың төрағалығымен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте«100 нақты қадам» Ұлт жоспары және 15-ші қадамға сәйкес ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілерге аттестациялау өткізу мен 2016 жылы Департаментпен атқарылған жұмыстары жөнінде мәселелер талқыланды.

Өзінің алғашқы сөзінде Б.Ә.Исақов бірінші институционалды реформаның шеңберінде біздің елімізде меритократия, мансаптылық және құзіретті тәсілге негізделген мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі енгізілгендігін атап өтті. Бұл модель мемлекеттік қызметке орналасу жалпы конкурс тәртібімен төменгі лауазымдардан басталатындығымен сипатталады. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарының жоғарылауы төменгі лауазымдарда еңбек өтілінің болуымен және ішкі конкурстардан өту тәсілімен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ол Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асыру туралы баяндады. 2016 жылы облыстағы мемлекеттік органдармен 1451 бос әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымдарына конкурстар өткізілді, оның ішінде:

мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс - 559 бос лауазымға. Аталған конкурстарға барлығы 417 мемлекеттік қызметші қатысты. Жеңімпаздар болып 294 үміткер танылды, оның ішінде 201 (немесе конкурс жеңімпаздарының 68,4%-ы) мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымдарға орналасты.

- барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурстар - 247 бос лауазымға. 120 конкурс қатысушыларының 85-і жеңімпаз болып танылса, оның 35-і қызмет барысында мансаптық жоғарылауға қол жеткізді.

Ішкі конкурстардың қорытындысымен барлығы

379 мемлекеттік қызметші лауазымдарға орналасып, оның ішінде 236 (62,3%) мемлекеттік қызметші қызмет барысында мансаптық жоғарылауға ие болды.

Салыстырмалы түрде, 2015 жылы жеңімпаздар болып тек 176 мемлекеттік қызметшілер танылды.

Жалпы конкурс 645 бос лауазымға өткізілді. Бұл конкурстарға қатысқан 1305 үміткердің 467-сі мемлекеттік қызметке орналасуға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, өз сөзінде ол конкурстық комиссияларының жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін олардың отырыстарына 894 байқаушылар (100% қамту) және 738 сарапшылар қатысқандығын атап өтті.

2016 жылы заңнамаларды білу бойынша тестілеуге 2637 адам қатысты.

Заңнамаларды білу бойынша тестілеушілердің 1172 қатысушысы оң баға алды немесе тестке қатысушы барлық адамдардың 44,4%-н құрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 13%-ға жоғары көрсеткіш (2015 жылы - 31,43%).

Заң талаптарына сәйкес алғаш және жаңадан қабылданған 322 мемлекеттік қызметшілерге сынақ мерзімі қойылды.

Соның ішінде 2017 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 209 қызметші сәтті өтті, 2 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі 3 айға ұзартылды және оларда сәтті өтті, 1 мемлекеттік қызметші сынақ мерзімінен өтпеуіне байланысты Департаментінің келісімімен жұмыстан босатылды.

2017 жылдың 1 қаңтарына Батыс Қазақстан облысында 458 мемлекеттік орган бар. Мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4444 құрайды, соның ішінде саяси қызметшілер-7, «А» корпусы лауазымы-19, «Б» корпусының әкімішілік мемлекеттік қызметшілер саны - 4418.

2016 жылы облыстың мемлекеттік мекемелерімен 1541 мемлекеттік қызметшілерді оқыту жоспарланған. 1731 мемлекеттік қызметші немесе жоспардың 112% мемлекеттік қызметшілері оқытылды. Қайта даярлау бойынша 448 мемлекеттік қызметші, біліктілігін арттыру бойынша 1274 қызметші.

Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қолданылуына және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде 2016 жылы Департаментпен 43 тексеріс жүргізіліп, оның ішінде: 4 – ішінара тексеру, 39 – жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп заңнамасы саласындағы 220 заңбұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі жөнінде баяндалды. Есептік кезеңде әдеп жөніндегі Кеңестің 11 отырысы өтті, онда 73 мәселе қаралды. Кеңеспен қаралу нәтижесінде:
- сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тәртібін және нысандарын одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындалды;
- облыс, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларына қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуын қамтамасыз ету және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуын алдын-алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін 28 ұсыным мен ұсыныс жолданды.

Сонымен қатар, 2016 жылы кеңеспен 54 тәртіптік іс қаралды. Қаралу нәтижелеріне байланысты Кеңеспен келесідей ұсыныстар жолданылды:
- 32 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдануға, оның ішінде 20 – мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, 12 – Әдеп кодексін бұзғаны үшін. Кеңестік барлық ұсынымдары орындалды. Тәртіптік жазаға тартылған 32 мемлекеттік қызметшінің 1 (немесе 3 %) – орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің қызметшісі, 31 (немесе 97 %) – жергілікті мемлекеттік органдардың қызметшілері.

Облыста мемлекеттік органдар және басқа да субъектілермен Реестрге қосылған 709 мемлекеттік қызмет түрінің 328-і көрсетіледі.

2016 жылға мемлекеттік органдармен ұсынылған есептік деректерге сәйкес, БҚО бойынша 4,5 млн-нан астам (4 571 110) мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 2015 жылмен салыстырғанда 30%-ға артуы байқалуда (3 185 026).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 744189-ға жетіп отыр. Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 998301. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 60%-ға артты. (2015 жылы 591497).

Департаменттің негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту.

Бұл бағытта Департаментпен 2016 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойыншамемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор, бизнес-қауымдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің, діни және этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерінің, студенттер мен оқушылардың қатысуымен 381 іс-шара 27,0 мыңға жуық адамның қатысуымен өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2016 жылы Департаментпен 17 мемлекеттік орган мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылатын 194 факторанықталды.

Сонымен қатар, облысымызда 2016 жылы мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға арналған 222 ішкі талдау жүргізілді, олардың нәтижесі бойынша 108 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.Анықталған барлық тәуекелдерді жою және азайту бойынша шаралар қабылдануда.

#аттестация #БҚО #Орал #Мемлекеттік қызмет

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-brifing-tti-747182](https://yvision.kz/kk/post/b-o-da-100-na-ty-adam-lt-zhosparyny-zh-zege-asyryluy-zh-ninde-brifing-tti-747182)