---
title: "БҚО білім саласындағы бақылау департаментіндегі семинар-кеңес"
description: "2015 жылдың 2 қазан күні Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметкер..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-10-04T23:59:26+00:00"
modified: "2015-10-04T23:59:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-bilim-salasynda-y-ba-ylau-departamentindegi-seminar-ke-es-558736"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-o-bilim-salasynda-y-ba-ylau-departamentindegi-seminar-ke-es-558736/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО білім саласындағы бақылау департаментіндегі семинар-кеңес

> 2015 жылдың 2 қазан күні Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметкер...

![БҚО білім саласындағы бақылау департаментіндегі семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/9mQkWHVxJ1e9DDrYsLrYCv4xDIUiv4.jpg)

2015 жылдың 2 қазан күні Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» атты семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы І жартыжылдығы қорытындысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті қызметінің бірі мекемелерді тексеру болғандықтан, мекеме басшылығымен тұрақты түрде құқықтық оқулар ұйымдастырылады.

Шарада Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының консультанты Б.Хайруллин «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс оқыды.

Шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді.

![БҚО білім саласындағы бақылау департаментіндегі семинар-кеңес](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/38aQ54X9z7Cv28Tk2Ew9xYTsui8kb3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-o-bilim-salasynda-y-ba-ylau-departamentindegi-seminar-ke-es-558736](https://yvision.kz/kk/post/b-o-bilim-salasynda-y-ba-ylau-departamentindegi-seminar-ke-es-558736)