---
title: "Б. Нұрымбетов қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады"
description: "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек күні қарсаңында Қазақстанны..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2019-10-02T05:41:18+00:00"
modified: "2019-10-02T05:41:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-n-rymbetov-aza-standy-tardy-e-bek-k-nimen-tty-tady-841703"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-n-rymbetov-aza-standy-tardy-e-bek-k-nimen-tty-tady-841703/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Б. Нұрымбетов қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

> ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек күні қарсаңында Қазақстанны...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Еңбек күні қарсаңында Қазақстанның барлық азаматтарына бақ-береке, жұмысқа деген құштарлық, әріптестерін құрметтеу және нәтижелі еңбек етуді тіледі.

«Барлық қазақстандықтарды қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланатын «Еңбек күні» мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке халқымыздың әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған. Ол қазақстандықтардың Отанымыздың әл-ауқаты мен гүлденуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметінің көрінісі болып табылады. Бүгін нағыз еңбектің бағасын біліп, жұмыстағы жетістіктерін мақтан тұтатындардың мерекесі.

Біздің мемлекетіміздің алтын қоры – еңбек ардагерлеріне, өзінің адал және шексіз еңбегімен еліміздің экономикасының қалыптасуы мен дамуының негізін қалап, егемен Қазақстанның гүлденуі үшін айтарлықтай әлеует қалыптастырған отандастарымызға зор ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздер өз саласының мамандарын даярлау бойынша тәлімгерлік дәстүрлеріңізді нығайтып, жанкешті еңбек идеологиясын өз өміріңіздің негізгі принципі ретінде алға жетелейсіз! Өз ісіне құрмет, борыш пен адалдық – сіздер үшін күнделікті өмірдің нормасы мен қажеттілігіне айналды.

Еңбек династиялары мен еңбек ардагерлерінің қатары жылдан жылға толыға берсін! Сіздер бүгін де жастарға өздеріңіздің бай кәсіби және адамгершілік тәжірибелеріңізді беруді жалғастырудасыздар және жастардың еңбекке, жұмыс мамандықтарына деген сүйіспеншілігін сіңіре отырып, жүректерінде Отанға деген жоғары патриоттық сезімін ұялатасыздар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын одан әрі көтеру үшін бірқатар тиімді әлеуметтік-экономикалық реформалар қарастырылған.

Біздің мақсатымыз - лайықты жұмыс принциптері мен стандарттарына негізделген еңбек қатынастарын және оларды құқықтық реттеуді жақсарту!

Біз Қазақстан экономикасы үшін жаңа міндеттерге жауап беретін еңбек ресурстарының сапасына қойылатын талаптарды арттыруды жалғастыруымыз керек. Барлығымыз өз жұмысымызды сүйіспеншілікпен атқарып, әріптестеріміздің құрметіне бөленіп, қызметімізде керемет жетістіктерге жете берейік. Мен еліміздің барлық азаматтарына тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен игілігі үшін табысты еңбек етуін тілеймін», – деді Біржан Нұрымбетов.

--------------------------------------------------------------

Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов в преддверии Дня труда пожелал всем гражданам Казахстана благополучия, достойной работы, уважения коллег и удовлетворения от личных результатов труда.

«Поздравляю всех казахстанцев с праздником «День труда», который празднуется каждое последнее воскресенье сентября. Этот праздник посвящен социальным и экономическим достижениям нашего народа. Он является олицетворением уважения казахстанцев к труду, обеспечивающему благосостояние и процветание нашей с вами родины. Праздник, который объединяет всех тех, кто знает цену настоящему труду, гордится его результатами.

Со словами глубокой признательности хочу обратиться к золотому фонду нашего государства – ветеранам труда, нашим соотечественникам, которые своим честным и добросовестным трудом заложили основу становления и развития экономики нашей страны, создали немалый потенциал для развития суверенного Казахстана. Своим бесценным трудом вы укрепляете традиции наставничества по подготовке профессионалов своей отрасли, продвигаете идеологию самоотверженного труда как дела всей своей жизни! Честь, долг и преданность своему делу – стали для вас нормой и потребностью повседневной жизни.

Пусть ряды рабочих династий и ветеранов труда пополняются из года в год! Вы и сегодня продолжаете передавать свой богатейший профессиональный и нравственный опыт молодым, прививая им любовь к труду, к рабочим профессиям, воспитываете у них высокий патриотизм к своему Отечеству.

В Послании Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана предусмотрен ряд действенных социальных и экономических реформ, направленных на дальнейший рост благосостояния наших граждан.

Наша цель – добиваться совершенствования трудовых отношений и их правового регулирования на основе принципов и стандартов достойного труда!

Мы и дальше должны повышать требования к качеству трудовых ресурсов, которые будут отвечать новым вызовам для экономики Казахстана.

Пусть у каждого из нас всегда будет любимое дело, достойная работа, уважение коллег, удовлетворение от отличных результатов своего труда. Желаю всем гражданам нашей страны благополучия и успешного труда на благо независимого Казахстана», – сказал Биржан Нурымбетов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-n-rymbetov-aza-standy-tardy-e-bek-k-nimen-tty-tady-841703](https://yvision.kz/kk/post/b-n-rymbetov-aza-standy-tardy-e-bek-k-nimen-tty-tady-841703)