---
title: "Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды"
description: "Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар туралы әңгімелеп, ойларын,..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-07T12:12:14+00:00"
modified: "2015-12-07T12:12:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-balapan-telearnasynda-ona-ta-boldy-666180"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-balapan-telearnasynda-ona-ta-boldy-666180/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды

> Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар туралы әңгімелеп, ойларын,...

Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы бағдарламалар мен мультхикаялар туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін білдірді.

![Бүлдіршіндер «Балапан» телеарнасында қонақта болды](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/L6VaK9GnY5F3lqpu7670nUb2u3tRK8.jpg)

Бүгін [«Балапан»](http://balapan.kaztrk.kz/kz) телеарнасының көрермендері сүйікті арналарында қонақта болды. Телеарна ұжымы 4-10 жас аралығындағы балалар арасында фокус-группа әдісін ұйымдастырды.

Кішкентай көрермендер сүйікті арнасындағы [бағдарламалар мен мультхикаялар](http://balapan.kaztrk.kz/kz/archive) туралы әңгімелеп, ойларын, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Айта кетейік, [«Балапан»](http://balapan.kaztrk.kz/kz) телеарнасы бағдарлама сапасы мен сұранысын анықтау, балалардың ой-пікірін білу мақсатында жылына екі рет фокус-группа өткізіп отырады. Сондай-ақ, телеарна 10 мыңнан астам көрермен арасында сауалнама жүргізді.

Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесі алдағы жылы жарық көретін бағдарламалардың жанрын анықтауға негіз болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-balapan-telearnasynda-ona-ta-boldy-666180](https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-balapan-telearnasynda-ona-ta-boldy-666180)