---
title: "Бүлдіршіндер бүр жарған күн"
description: "«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры 2014 жылы ақпан-сәуір айлары аралығында облыстағы білім ..."
author: "akzhelken_atyrau"
published: "2014-02-20T06:07:16+00:00"
modified: "2014-02-28T04:38:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-b-r-zhar-an-k-n-401658"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-b-r-zhar-an-k-n-401658/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүлдіршіндер бүр жарған күн

> «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры 2014 жылы ақпан-сәуір айлары аралығында облыстағы білім ...

«Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры 2014 жылы ақпан-сәуір айлары аралығында облыстағы білім беру мекемелеріндегі бейнелеу пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік құралдар ретінде тәжірибе жинақтау және оқушылардың бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдіктік пен эстетикалық талғамның қалыптасуына орай «Дала дарабоздары» фестивалін ұйымдастырып отыр. Конкурс ересектер мен мектеп оқушыларына бөлек өткізіледі. Осы фестивальдің аясында 18 ақпан күні облыстағы білім беру мекемелерінде білім алып жатқан оқушылар арасында Әбдірашид Сыдыханов атындағы «Әбдірашид әлемі» конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты белгілі қылқалам шебері, өнерде өшпес із қалдырған Әбдірашид Сыдыхановтың шығармашылығын насихаттау, мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулу арқылы өскелең ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеу, конкурс барысында мектептерде бейнелеу пәнінен дәріс беретін мұғалімдерге кәсіби суретшілерден шеберлік кластарын өткізу, бейнелеу пәнінен дәріс беретін мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, Ә.Сыдыханов өнерін насихаттау арқылы өңірдегі бейнелеу өнерінің сапасын жаңа сатыға көтеру болып табылады. Конкурс шарттары бойынша конкурсқа кескіндеме, графика, қолөнер бұйымдары, мүсін бағыттары бойынша жасалынған жұмыстар қабылданды. Іріктеу шаралары алдыменен облыс аудандарында өткізілді. Іріктеуден өткен жұмыстар облыс орталығындағы «Ақ Желкен» шығармашылық орталығына тапсырылып, жеңімпаз және жүлдегерлер болып танылған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Кескіндеме бағыты бойынша І орын – Махамбет ауданы, Береке ауылының негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы Рамазан Бисенғалиев,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/Lhrh3FIXF47NkIPYXP3Y23YX6xHwle.jpg)

ІІ орын – Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығынан Эвелина Поливода,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/78F6G4YbUJuRXrtKfNAnQv2vJDH7Mq.jpg)

ІІІ орын – Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің 6 сынып оқушысы Азат Қайыржан,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/CHQ9l4nf8ObHxjNGuHNi6V98aSq5Z3.jpg)

графика бағыты бойынша – І орын – Индер ауданы, Есбол селосы, Кулагино орта мектебінің 2 сынып оқушысы Ізімғалиев Дәулет,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/683EnjFu0A3fhq1lTIc72772f74cVQ.jpg)

ІІ орын – Индер ауданы, Ш.Уалиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Екатерина Фофонова,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/lYxY29F93tM2HTbO2RW0W5V6AFunQ0.jpg)

ІІІ орын – Қызылқоға ауданы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Данияр Жаңбырбай,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/V99A2gx1o11gQ54j1P2cSnQX27TBs6.jpg)

мүсін бағыты бойынша І орын – Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығынан Айжан Сисенова,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/53FBVxrGcr0FpniVP1Ae8KrN5tqY7w.jpg)

ІІ орын – Индер ауданы, Елтай селосы, М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы Айгерім Күмісқали,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/9lTCBmiie8NkC2MT57ivIW6FToZ9Gt.jpg)

ІІІ орын – «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 11 сынып оқушысы Сымбат Жұманбаева,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/rrj6V1GFv8h81NVY60wQSVF87h0st4.jpg)

қолөнер бағыты І орын – Атырау қаласы, №31 мектеп оқушысы Хабесов Аман,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/YW1iAR5BkX37631hUpr6wqcd75AM8N.jpg)

ІІ орын – Индер ауданы, Елтай селосы, М.Сиранов атындағы орта мектептің оқушысы Аружан Қалыбаева,

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/JzlnjT3Ft0eawegUPA1h7OjB9Ylc3f.jpg)

ІІІ орын – Атырау қаласы, №31 мектеп оқушысы Қайсар Қайратов

![Бүлдіршіндер бүр жарған күн](https://storage.yvision.kz/images/user/akzhelken_atyrau/2jO4D2HWmHyEZ1DcCD3PFhHZjkdVPN.jpg)

үздік деп танылды. Осы бағыттар бойынша бірінші орын алған төрт шәкіртке бағалы сыйлықтармен қатар, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясына оқуға түсу үшін арнайы сертификат тапсырылды. 2, 3 орын алған оқушыларға да бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, конкурс үздіктерінің жұмыстарының суреттері облыс әкімінің қолдауымен Атырау қаласындағы баннерлерге ілінеді. Жеңімпаз бен жүлдегер балаларды аймақтық «Алтын қайық» газетіне тегін жаздырылады. Жас дарындарды қолдау мақсатында олар туралы мақалалар да республикалық, аймақтық және электронды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Аталмыш шара облыс деңгейінде екінші рет өткізіліп отыр. Айта кетер басты нәрсе - «Дала дарабоздары» облыстық фестивалі бір жолғы, жылына бір рет өткізілетін шара емес, жергілікті бейнелеу өнерінің майталмандарының есімін халыққа кеңінен насихаттайтын бірнеше сатылы, ұзақ жылдарға арналған, өнер салтанаты. Былтыр конкурс Шаймардан Сариевке арналса, биыл Әбдірашид Сыдыхановқа, 2015 жылы Мұхит Қалимовқа, 2016 жыл – Мақым Қисамиденовке арналып, осындай шаралар легі өткізіледі. Ендеше, көптің қолдауымен өткізілетін өнер фестивалі жалғасын тапсын! **Әсел Кенжетай** **«Ақ желкен» шығармашылық орталығының маркетологі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-b-r-zhar-an-k-n-401658](https://yvision.kz/kk/post/b-ldirshinder-b-r-zhar-an-k-n-401658)