---
title: "Бұланды ауданындағы дөңгелек үстел"
description: "Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғам..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-27T03:25:42+00:00"
modified: "2016-06-27T03:25:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-landy-audanynda-y-d-gelek-stel-699702"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-landy-audanynda-y-d-gelek-stel-699702/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бұланды ауданындағы дөңгелек үстел

> Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғам...

Ағымдағы жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында Бұланды ауданында «Мемлекеттік қызмет - өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Қ. Жапақов қатысты.

Іс-шараға аудан басшылығы, мемлекеттік қызмет ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Жас Отан» ЖҚ, жастар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуына, қоғамда мемлекеттік қызмет институтының рөлі мен миссиясының ашылуына, мемлекеттік қызмет имиджінің артуына бағытталған.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еркін пікір алмасу аясында Ұлт жоспарын жергілікті деңгейде жүзеге асырудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныс енгізу жөніндегі пікірлерімен бөлісті.

Дөңгелек үстел аяқталған соң, қатысушылардың ұсыныстары Манифестке қосылды.

![Бұланды ауданындағы дөңгелек үстел](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/rwbTGG5sADRWQTkwDxw0DTXxXBhGJj.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-landy-audanynda-y-d-gelek-stel-699702](https://yvision.kz/kk/post/b-landy-audanynda-y-d-gelek-stel-699702)