---
title: "«Бұл оп-оңай!» Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенавидесті..."
description: "Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық сұмдық нокаутер, тіпті Канелоның өзі сескенетін, жеңілу дегенді білмейтін Дэвид Бенавидесті жекпе-жекке шақырды. 27 жастағы Дэвид Бенавидес шаршы алаңға суперорта салмақта шығып жүр. 28-0..."
author: "orazali"
published: "2024-03-24T06:06:24+00:00"
modified: "2024-03-24T06:06:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-l-op-o-ay-zh-nibek-limhan-ly-devid-benavidesti-zhekpe-zhekke-sha-yrdy-1002580"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-l-op-o-ay-zh-nibek-limhan-ly-devid-benavidesti-zhekpe-zhekke-sha-yrdy-1002580/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бұл оп-оңай!» Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенавидесті...

> Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық сұмдық нокаутер, тіпті Канелоның өзі сескенетін, жеңілу дегенді білмейтін Дэвид Бенавидесті жекпе-жекке шақырды. 27 жастағы Дэвид Бенавидес шаршы алаңға суперорта салмақта шығып жүр. 28-0...

*Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық сұмдық нокаутер, тіпті Канелоның өзі сескенетін, жеңілу дегенді білмейтін Дэвид Бенавидесті жекпе-жекке шақырды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/beb38ed0c4297646000c21a12fea57.jpg)

27 жастағы Дэвид Бенавидес шаршы алаңға суперорта салмақта шығып жүр. 28-0 деген рекорды бар. 24 рет нокаут жасаған. Майк Тайсон оған «Мексикалық құбыжық» деген ат қойған.

Бенавидес – WBC уақытша чемпионы титулының иегері. Соңғы жекпе-жекте америкалық боксшы Деметриус Андрадені нокаутқа жіберді.

Жәнібек енді осы Дэвидтің деңгейіне көтерілгісі келеді екен.

«Бенавидес, егер мықтылармен төбелескің келсе, кел, солай жасайық! Біздің жекпе-жек жоғары деңгейде өтеді. Өзің де, жанкүйерлерің де білесіңдер. Егер салмақ келтіре алмасаң, мен 168 фунтпен де шығуға дайынмын. Бұл оп-оңай!», – деді қазақстандық боксшы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-l-op-o-ay-zh-nibek-limhan-ly-devid-benavidesti-zhekpe-zhekke-sha-yrdy-1002580](https://yvision.kz/kk/post/b-l-op-o-ay-zh-nibek-limhan-ly-devid-benavidesti-zhekpe-zhekke-sha-yrdy-1002580)