---
title: "\"Бұл не болды екен?\" Алматы аспанынан белгісіз денелер..."
description: "Бүгін түнгі сағат 3-тер шамасында Алматы мен басқа да қалалардың төбесінен жарқ-жұрқ еткен бірнеше нысан байқалды. \"Оның не екенін әзірге айту қиын. Көрген адамдар мұны әлдеқандай ғарыш денесінің сынықтары болуы мүмкін деп отыр. Енді біреулер кеше..."
author: "orazali"
published: "2024-06-13T04:10:50+00:00"
modified: "2024-06-13T04:10:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-l-ne-boldy-eken-almaty-aspanynan-belgisiz-deneler-zhanyp-tti-1005596"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-l-ne-boldy-eken-almaty-aspanynan-belgisiz-deneler-zhanyp-tti-1005596/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Бұл не болды екен?" Алматы аспанынан белгісіз денелер...

> Бүгін түнгі сағат 3-тер шамасында Алматы мен басқа да қалалардың төбесінен жарқ-жұрқ еткен бірнеше нысан байқалды. "Оның не екенін әзірге айту қиын. Көрген адамдар мұны әлдеқандай ғарыш денесінің сынықтары болуы мүмкін деп отыр. Енді біреулер кеше...

Бүгін түнгі сағат 3-тер шамасында Алматы мен басқа да қалалардың төбесінен жарқ-жұрқ еткен бірнеше нысан байқалды.

"Оның не екенін әзірге айту қиын. Көрген адамдар мұны әлдеқандай ғарыш денесінің сынықтары болуы мүмкін деп отыр.

Енді біреулер кеше SpaceX компаниясының Falcon 9 зымырандарын екі рет ұшырғанын еске салуда. Олар орбитаға Starlink жүйесінің интернет-жерсеріктері мен Transporter-8 миссиясына қосымша құралдарды жеткізуі тиіс", - деп жазады [CMN.KZ](https://web.telegram.org/a/#-1002109930871). Видеоға түсіріп тұрған тағы біреулер бұл жанып жатқан ұшақ дегенге келтірген.

Бейнежазбалар [Kris_p_almaty](https://t.me/kris_p_almaty_official/23676) телеграм-арнасынан алынды

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-l-ne-boldy-eken-almaty-aspanynan-belgisiz-deneler-zhanyp-tti-1005596](https://yvision.kz/kk/post/b-l-ne-boldy-eken-almaty-aspanynan-belgisiz-deneler-zhanyp-tti-1005596)