---
title: "Бұл «белдеу» — бос «белбеу» емес. Дос «белдеу»!"
description: "Бейжіңдегі ірі форумда сөз сөйлеген Назарбаев, әлемдегі нашар құрылған экономикалық жүйелердің кесір..."
author: "tracyb"
published: "2017-05-15T22:51:14+00:00"
modified: "2017-05-15T22:51:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-l-beldeu-bos-belbeu-emes-dos-beldeu-766835"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-l-beldeu-bos-belbeu-emes-dos-beldeu-766835/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бұл «белдеу» — бос «белбеу» емес. Дос «белдеу»!

> Бейжіңдегі ірі форумда сөз сөйлеген Назарбаев, әлемдегі нашар құрылған экономикалық жүйелердің кесір...

Бейжіңдегі ірі форумда сөз сөйлеген **Назарбаев**, әлемдегі нашар құрылған экономикалық жүйелердің кесірінен қалыптасып отырған дағдарыс жағдайына тағы бір тоқталды. **«Бір белдеу, бір жол»** жобасы жаһандық шиеленіскен саяси, экономикалық және гуманитарлық дағдарысқа барынша тосқауыл қоятын негізгі бағдарламалық құжат деп баға берді, **Әбіш атаның Ұлы.** Егер, бәріміз жұмыла, бір бағытқа бет алсақ, жаңа **«геосаяси экономикалық парадигма»** жасап шығаруға болады, - деген ойын жеткізді. Халықаралық ынтымақтастық қазір дамудың басты трендтерінің біріне айналды. Жеке - дара **«бірдеңе»** істеу қиын. Алып нарық болса, тиын-тебен ғана емес, таза байлыққа қарық боласың. Ал, Осы **Жібек жолы** болса, **Азия** континентіндегі елдердің экономикалық тұрғыдан бірігіп, ортақ табысқа жетуінің бір формасы. Бұл, бұдан бөлек халықаралық ынтымақтастыққа жол ашады.

**Назарбаев** тоқталған келесі мәселе, **Шанхай Жібек** жолы экономикалық белдеуі **Шанхай ынтымақтастық** ұйымы, **Еуразия экономикалық** одағы мен **Еуропа** Одағының ортақ байланыстары болады деген ұстаным еді.

Бірақ, ортақ шешетін түйінді мәселелер бар. Олар, тауар айналымы мен қызмет көрсету сапасын жақсарту, бизнестегі бюрократияны жоя сынды кедергілер.

Осыларды бірлесіп шешуге барлық тарап мүдделік танытып жатыр. Бастысы, таза ниет, шын ықыласпен іске кіріссек, ұтылмаймыз деген прагматикалық ортақ шешімге келді.

**Дереккөз: Ақорда сайты**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-l-beldeu-bos-belbeu-emes-dos-beldeu-766835](https://yvision.kz/kk/post/b-l-beldeu-bos-belbeu-emes-dos-beldeu-766835)