---
title: "Бөкейордасы ауданына көшпелі кездесу өткізілді"
description: "2017 жылдың 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-22T05:54:38+00:00"
modified: "2017-09-22T05:54:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-keyordasy-audanyna-k-shpeli-kezdesu-tkizildi-779552"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-keyordasy-audanyna-k-shpeli-kezdesu-tkizildi-779552/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бөкейордасы ауданына көшпелі кездесу өткізілді

> 2017 жылдың 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлы...

**2017 жылдың 22 қыркүйекте** Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы **«Парасыз болашаққа. Бірге!»** мобильді тобының мүшелерімен **Бөкейордасы ауданына** көшпелі кездесу өткізілді.

Аудандық әкімдікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қожабаевтың және аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Кездесу барысында Б.Исақов қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру міндетін орындау мен мемлекеттік қызметшілердің этика нормаларын сақтау мәселелерін түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жоюдың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Департамент басшысы «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасымен» таныстырды.

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетіліп, мобильді топ мүшелері ауданның және ауылдық округтардың тұрғындарына қабылдаулар өткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-keyordasy-audanyna-k-shpeli-kezdesu-tkizildi-779552](https://yvision.kz/kk/post/b-keyordasy-audanyna-k-shpeli-kezdesu-tkizildi-779552)