---
title: "Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі"
description: "Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады. Бүгіннен бастап «М..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-09T00:44:09+00:00"
modified: "2015-11-09T00:44:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ginnen-bastap-balapan-telearnasynan-meni-azhayyp-ertegim-zhobasy-k-rsetiledi-635971"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-ginnen-bastap-balapan-telearnasynan-meni-azhayyp-ertegim-zhobasy-k-rsetiledi-635971/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі

> Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады. Бүгіннен бастап «М...

Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

![Бүгіннен бастап «Балапан» телеарнасынан «Менің ғажайып ертегім» жобасы көрсетіледі](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/9xW2Lsz5gXS4rN2t8vT647TEoCnG6q.png)

Бүгіннен бастап [«Менің ғажайып ертегім»](http://balapan.kaztrk.kz/kz/news/all/ata-analar-zhazgan-ertegini-oner-zhuldyzdary-okidy-video) жобасы эфирге шығады. Енді кішкентай көрермендер «Айжұлдыз» хабарынан кейін жаңа ертегі тыңдай алады.

«Менің ғажайып ертегім» жобасы ата-аналар жазған ертегілер бойынша жасалған. Хабар барысында эстрада жұлдыздары ертегі оқыса, ал балалар шығарманың оқиға желісі бойынша қойылым көрсетеді. Айта кетейік, «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналар арасында «Менің сүйікті ертегім» атты ертегілер байқауын жариялаған болатын. Сайыста үздік деп танылған шығармалар «Менің ғажайып ертегім» жинағына енгізілді. Жинаққа енген ертегілер туралы [мына жерден](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/news/portal/ata-analar-arasynda-zhariyalangan-ertegi-baikauy-korytyndylandy-1) білуге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-ginnen-bastap-balapan-telearnasynan-meni-azhayyp-ertegim-zhobasy-k-rsetiledi-635971](https://yvision.kz/kk/post/b-ginnen-bastap-balapan-telearnasynan-meni-azhayyp-ertegim-zhobasy-k-rsetiledi-635971)