---
title: "«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда"
description: "«Бүгін – жексенбі» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы жаңа маусымда жақсы жаңалықтармен көрерме..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-14T04:38:00+00:00"
modified: "2015-09-14T07:47:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-zheksenbi-zha-a-mausymda-540254"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-zheksenbi-zha-a-mausymda-540254/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда

> «Бүгін – жексенбі» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы жаңа маусымда жақсы жаңалықтармен көрерме...

«Бүгін – жексенбі» таңғы ақпараттық-танымдық бағдарламасы жаңа маусымда жақсы жаңалықтармен көрерменге жол тартпақ.

![«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/XSnwJ2f3XGPzK28biRJk7LqLmKl3Ex.jpg)

Әр жексенбі сайын 09:30 – 11:00 аралығында тікелей эфирге шығатын бағдарламамыздың форматына да, бағытына да өзгерістер енгізілді.

![«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/mgxNySIJg5SG317I0hDio6f6INAgvZ.jpg)

«Кино әлемі», «Тұсаукесер», «Біздің фэшн», «Хай-тек», «Wi-Fi», «Skype-Көпір», «Тәтті минуттар», «Where are you?» , «Эксперимент», «Қазақстанда жасалған» сынды 12 айдарда бір аптада болған қызық, ерекше, айтулы оқиғалар қамтылады.

![«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/3v4OFazg1kRjxRG7iBg6xfsVCtzW8V.jpg)

Сондай-ақ, еліміздің намысын қорғап жүрген жырақтағы өнер иелері мен спортшыларымыз да скайп арқылы тікелей эфирде байланысып, соңғы ақпараттарымен бөлісіп, жақындарына сәлем жолдайды.

![«Бүгін – жексенбі» жаңа маусымда](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/f19xyKT8JOlAphGLbWWS76mDqGTCba.jpg)

Жұлдыздардың ен жаңа туындылары «Бүгін – жексенбінің» «Тұсаукесер» айдарынан көрсетіліп, тұсауы кесіледі. Аптаның ең қызық оқиғалары мен соңғы жаналықтарын «Бүгін – жексенбінің» ұжымымен бірге көріңіз.

Жексенбі күні сағат **9:30 – 11:00** аралығында, Қазақстан арнасы ;)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-zheksenbi-zha-a-mausymda-540254](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-zheksenbi-zha-a-mausymda-540254)