---
title: "Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады"
description: "Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар. «Қызыл сарайдағы т..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-08-03T02:47:33+00:00"
modified: "2015-08-03T02:47:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-526618"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-526618/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады

> Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар. «Қызыл сарайдағы т...

Телехикаяның алғашқы бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 19:35-те көре аласыздар.

![Бүгін «Қызыл сарайдағы түс» телехикаясы эфирге шығады](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/BxfpJV1uKk4PwVY2KR47jI79U3Dfjq.png)

«Қызыл сарайдағы түс» – 18 ғасырда жазылған роман. Оның желісінде түсірілген аса күрделі телехикая Цин династиясы кезеңіндегі тұрмысты баяндайды. Фильм атауының қос мағынасы бар. Бірі - «Қызыл сарай» бұл – ақсүйек әулеттердің қыздары өмір сүретін жер болса, екінші мағынасы 5-ші бөлімде басты рөлдегі кейіпкер Баоюй көретін түс. Яғни, оның түсінде біраз кейіпкерлердің тағдыры осы «Қызыл сарайда» шешіледі. Телехикая 2010 жылы Азиядағы телетуындылардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. 50 бөлімдік туындыға 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер түскен.

«Қызыл сарайдағы түс» телехикаясын дүйсенбі-жұма күндері Ұлттық арнадан сағат 19:35-те тамашалай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-526618](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-yzyl-sarayda-y-t-s-telehikayasy-efirge-shy-ady-526618)