---
title: "Бүгін — Шона Смаханұлы мен Жұбан Молдағалиевтің туған күні"
description: "Ақын, сатирик Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді. Жұбан Молдағалиев – майданг..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-04T22:49:47+00:00"
modified: "2015-10-04T22:49:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-shona-smahan-ly-men-zh-ban-molda-alievti-tu-an-k-ni-558398"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-shona-smahan-ly-men-zh-ban-molda-alievti-tu-an-k-ni-558398/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін — Шона Смаханұлы мен Жұбан Молдағалиевтің туған күні

> Ақын, сатирик Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді. Жұбан Молдағалиев – майданг...

Ақын, сатирик Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді.

![Бүгін — Шона Смаханұлы мен Жұбан Молдағалиевтің туған күні](http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/trk_kaz/gR03PMPIH78AFN2jZ1mA01g2q2ur1Q.png)

Жұбан Молдағалиев – майдангер ақын. 1940 жылы әскерге алынып, 1947 жылы майданнан аман-есен оралған. Елге келген соң, бірден шығармашылықпен айналысқан.

1949 жылы «Жеңіс жырлары» деген атпен тұңғыш жыр жинағын шығарған. Өзінің адуынды жырларымен әдебиет әлеміне тез танылды. «Мен - қазақпын» поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналды.

Ақын, сатирик Шона Смаханұлы әдебиетке өткен ғасырдың 50-жылдары келді. «Тотияйын» атты тырнақалды туындысымен сатира әлеміне еніп кетті.

Одан бері жарық көрген «Шимайбек пен Шыңқ етпе», «Қу түлкінің сыбағасы», «Көріп жүр ғой көздерің...» атты кітаптары шыққан.

Толығырақ [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көріңіз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-shona-smahan-ly-men-zh-ban-molda-alievti-tu-an-k-ni-558398](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-shona-smahan-ly-men-zh-ban-molda-alievti-tu-an-k-ni-558398)