---
title: "Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті"
description: "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шараны аша отырып, қызметкерлерді ..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2017-08-29T05:04:11+00:00"
modified: "2017-08-29T05:04:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-r-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrliginde-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-z-776973"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-r-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrliginde-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-z-776973/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

> ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шараны аша отырып, қызметкерлерді ...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова шараны аша отырып, қызметкерлерді аталған маңызды мерекемен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде Тамара Дүйсенова Конституция бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешек кепілі екенін атап өтті.

«Конституция күні – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң шешімдер қабылдау барысында мемлекет пен қоғамдық санадағы рөлін айқындайтын айтулы мереке. Сіздерге бейбіт өмір, келісім мен тұрақтылық, әрбір отбасында бақыт пен шаттықтың орнауын тілеймін. Отанымыздың өркендеуі үшін биік белестерді бағындыру - бізді жаңа табыстарға жетелейді деп сенемін!», - деді Тамара Дүйсенова.

Жиын барысында Министр бірқатар ведомство қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады.

Шара соңында, Білім күні қарсаңында, Министрлік қызметкерлерінің 1-ші сыныпқа баратын балаларына және де кейбір аз қамтылған отбасыларға мектеп заттары табысталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-r-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrliginde-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-z-776973](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-r-e-bek-zh-ne-haly-ty-leumettik-or-au-ministrliginde-konstituciya-k-nine-arnal-an-saltanatty-z-776973)