---
title: "Бүгін Наурыз мейрамына орай концерт өтті"
description: "Бүгін \"Хан Шатыр\" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт өтті. \"Қарақа..."
author: "symbatym"
published: "2017-03-21T05:50:45+00:00"
modified: "2017-03-21T07:15:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-meyramyna-oray-koncert-tti-760713"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-meyramyna-oray-koncert-tti-760713/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін Наурыз мейрамына орай концерт өтті

> Бүгін "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт өтті. "Қарақа...

Бүгін "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт өтті. "Қарақат мектеп студиясының" қыздары жетіген сүйемелдеуімен орындаған әндер және "Шашу" биімен басталған іс-шара түрлі ойындарға жалғасты.

![Бүгін Наурыз мейрамына орай концерт өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/DTttcw0lioNbN44EearKD70906FWgV.jpg)

Оған қоса, бүркітпен қойылым, экстремальды акробатикалық шоу, қазақ биі, арқан тартыс та мерекелік концертте көрсетілді. Киіз үйдегі ұлттық киім киген қыздармен таратылған бауырсақтар Астана тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

![Бүгін Наурыз мейрамына орай концерт өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/2b6n1XR5dgr1EVdCDIV9K8cM5QD710.jpg)

Сонымен қатар, ойын-сауық орталығында "Hand Made" қолөнер жәрмеңкесі өтуде. Онда ұлттық нақыштағы әшекейлер, жүннен жасалған суреттер, киім-кешек, қолөнер бұйымдары қойылған.

![Бүгін Наурыз мейрамына орай концерт өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/symbatym/GJ6cJLEAb1OY2uQZQ0RQu40WT1QWNB.jpg)

Айта кетейік, мерекелік іс-шара ертең сағат 16:00-де жалғасын табады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-meyramyna-oray-koncert-tti-760713](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-meyramyna-oray-koncert-tti-760713)