---
title: "Бүгін - Наурыз аясында Шаңырақ күні"
description: "Фото: anatili.kazgazeta.kz- Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің..."
author: "jan.123"
published: "2024-03-17T05:45:14+00:00"
modified: "2024-03-17T05:51:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-ayasynda-sha-yra-k-ni-1002328"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-ayasynda-sha-yra-k-ni-1002328/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін - Наурыз аясында Шаңырақ күні

> Фото: anatili.kazgazeta.kz- Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің...

![Бүгін - Наурыз аясында Шаңырақ күні](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/a7382c29b1f2a9e7adf55bf1c49849.jpg)

Фото: anatili.kazgazeta.kz-

Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.

Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.

Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.

Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-ayasynda-sha-yra-k-ni-1002328](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-nauryz-ayasynda-sha-yra-k-ni-1002328)