---
title: "Бүгін - Ұлттық спорт күні"
description: "Бүгін 20 наурызда Наурызнама аясында ұлттық спорт күні аталып өтеді. Коллаж: egemen.kz- Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен..."
author: "orazali"
published: "2024-03-20T03:52:24+00:00"
modified: "2024-03-20T04:19:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-ltty-sport-k-ni-1002445"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-ltty-sport-k-ni-1002445/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін - Ұлттық спорт күні

> Бүгін 20 наурызда Наурызнама аясында ұлттық спорт күні аталып өтеді. Коллаж: egemen.kz- Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен...

Бүгін 20 наурызда Наурызнама аясында ұлттық спорт күні аталып өтеді.

![Бүгін - Ұлттық спорт күні](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/cf440571d5cb0b9efbc02b8ebf2b5d.jpg)

Коллаж: egemen.kz-

Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.

Ат спортының түрлері -

аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,

байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,

ат жегу - тез арада атты дайындау,

ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,

аударыспақ - ат үстінде алысу,

жорға жарыс - жорғалар сыны,

құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,

қыз қуу,

көкпар - командалық ойын,

жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,

күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,

сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;

Ақыл-ой ойындары -

шатрантаж (шахматтың бір түрі),

шатраш (дойбының бір түрі),

тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,

саяттаушы құстарды аңға салу;

Күрес түрлері -

қазақ күресі,

қатын күрес;

Жеңіл атлетика -

жаяу жарыс,

жігіт жарыс,

қатын жарыс;

Күш өнері -

балуан тас,

түйе көтеру,

өгіз жығу,

асық ойындары және т.б.

Фейсбуктегі КӨРКЕМ МІНЕЗ, ІҢКӘР СЕЗІМ тобынан алынды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-ltty-sport-k-ni-1002445](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-ltty-sport-k-ni-1002445)