---
title: "Бүгін кей өңірлердегі мектептерде сабақ қалай өтетіні айтылды"
description: "Бүгін жұмыс пен мектептегі оқудың кезекті аптасы басталды. Ал елімізде ауа райы суый түсуде. Осыған..."
author: "orazali"
published: "2024-01-15T01:38:20+00:00"
modified: "2024-01-15T01:40:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-key-irlerdegi-mektepterde-saba-alay-tetini-aytyldy-999874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-key-irlerdegi-mektepterde-saba-alay-tetini-aytyldy-999874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін кей өңірлердегі мектептерде сабақ қалай өтетіні айтылды

> Бүгін жұмыс пен мектептегі оқудың кезекті аптасы басталды. Ал елімізде ауа райы суый түсуде. Осыған...

*Бүгін жұмыс пен мектептегі оқудың кезекті аптасы басталды. Ал елімізде ауа райы суый түсуде. Осыған байланысты кей өңірлердегі мектептер қашықтан оқытуға көшкен.*

![Бүгін кей өңірлердегі мектептерде сабақ қалай өтетіні айтылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/fad35502a50bd21c26ad7fcfcf8a71.jpg)

Фото: egemen.kz

**Астанада **15 қаңтарда 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары қашықтан оқиды.

**Көкшетауда** бүгін 1-ден 9-сыныпқа дейінгілердің сабағы онлайн форматқа көшірілген. Мұнда да бұл бірінші ауысымға қатысты. Көкшетауда -25 градусқа дейін аяз болып тұр. Желдің жылдамдығы секундына 28 метр.

**Ақтөбе облысында** 15 қаңтарда 1-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары Ақтөбенің өзі мен көптеген өңірлерде қашықтан оқиды. Ол өңірлер - Әйтекеби, Алға, Темір, Қобда, Қарғалы, Байғанин және Хромтау аудандары.

**Өскеменде **де бүгін 0-9 сыныптардың бірінші ауысымдағы оқушылары онлайн оқиды.

Ал **Қарағандыда** мұндай оқу форматына бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар көшірілген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-key-irlerdegi-mektepterde-saba-alay-tetini-aytyldy-999874](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-key-irlerdegi-mektepterde-saba-alay-tetini-aytyldy-999874)