---
title: "Бүгін «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Азия біріншілігінің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты. Таиланд астанасы Бангокта өтіп ж..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-09-03T23:15:56+00:00"
modified: "2015-09-03T23:15:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-kazsport-telearnasy-bokstan-aziya-chempionatyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-536165"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-kazsport-telearnasy-bokstan-aziya-chempionatyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-536165/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

> Азия біріншілігінің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты. Таиланд астанасы Бангокта өтіп ж...

Азия біріншілігінің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты.

![Бүгін «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/Z5AKwSQ5gXVlrKTSTXPHjVFdh8FUlL.jpg)

Таиланд астанасы Бангокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының бүгін жартылай финалдық кездесулер өтеді. Жартылай финалға Қазақстан Ұлттық құрамасының 7 боксшысы өтті. Олар: Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі) жартылай финалға шықты.

Осылайша құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын 4 және 5 қыркүйек күндері сағат 14:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-kazsport-telearnasy-bokstan-aziya-chempionatyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-536165](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-kazsport-telearnasy-bokstan-aziya-chempionatyn-tikeley-efirde-k-rsetedi-536165)