---
title: "Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады"
description: "Қазақстан чемпионаты 2024 жылдың 1 наурызы мен 10 қарашасы аралығында өтеді. Көптеген ойындар дәстүрлі түрде демалыс күндерге жоспарланған. Маусымның алғашқы ойыны еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған..."
author: "orazali"
published: "2024-03-01T04:52:51+00:00"
modified: "2024-03-01T04:53:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-futboldan-aza-stan-chempionaty-bastalady-1001749"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-futboldan-aza-stan-chempionaty-bastalady-1001749/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

> Қазақстан чемпионаты 2024 жылдың 1 наурызы мен 10 қарашасы аралығында өтеді. Көптеген ойындар дәстүрлі түрде демалыс күндерге жоспарланған. Маусымның алғашқы ойыны еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған...

*Қазақстан чемпионаты 2024 жылдың 1 наурызы мен 10 қарашасы аралығында өтеді. Көптеген ойындар дәстүрлі түрде демалыс күндерге жоспарланған. *

![Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/f8359ef33a6d9130ace8152020a0a5.png)

Маусымның алғашқы ойыны еліміздің жеті дүркін чемпионы «Астана» мен 16 жылдан кейін Премьер-лигаға оралған «Жеңіс» арасындағы көптен күткен елордалық дербиімен ашылады. Сонымен қатар, бірінші турда ел чемпионы «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Шымкенттік клуб өз стадионында қарағандылық команданы жеңіп, тарихтағы алғаш чемпиондығына қол жеткізген еді.

Премьер-Лига чемпионы атағы үшін биыл республиканың 13 өңірінен 14 клуб таласады: «Ақсу», «Ақтөбе», «Астана», «Атырау», «Елімай», «Жеңіс», «Жетісу», «Қайрат», «Қайсар», «Қызылжар», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран» және «Шахтер».

Ойындарды «Qazsport», «Qsport» және жаңа «Qfootball» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Әзірше алғашқы алты турдағы ойындардың басталу уақыты белгілі, ал қалған турлардағы кездесулердің басталу уақыты туралы ақпарат кейінірек жарияланады. Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыздан бастап Қазақстанда бірыңғай уақыт белгіленеді. Ойындардың толық күнтізбесін мына [Telegram-арна](https://t.me/pflkaz)дан көруге болады.

qfl.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-futboldan-aza-stan-chempionaty-bastalady-1001749](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-futboldan-aza-stan-chempionaty-bastalady-1001749)