---
title: "Бүгін — Евгений Брусиловскийдің туған күні"
description: "Евгений Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнаған жа..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-12T02:52:52+00:00"
modified: "2015-11-12T02:52:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-evgeniy-brusilovskiydi-tu-an-k-ni-637128"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-evgeniy-brusilovskiydi-tu-an-k-ni-637128/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін — Евгений Брусиловскийдің туған күні

> Евгений Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнаған жа...

Евгений Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнаған жан.

![Бүгін — Евгений Брусиловскийдің туған күні](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/rK54cG5Er4PsK3Nnp0j8TJKQX9uYFQ.png)

1905 жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Қазақ музыкасын тереңінен зерттеген композитор 1934 жылы алғаш рет «Қыз Жібек» операсын көпшілікке ұсынды.

1934-1938 жылдары Қазақ музыкалық театрының музыкалық жетекшісі, 1944-1951 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

Саналы ғұмырында тоғыз опера, екі балет, тоғыз симфония жазды. Қазақтың 250-ден астам ән-күйін жазып алып, 500-ге жуық әндер мен романстарды өмірге әкелді. Оған өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Композитордың шығармашылық жолы туралы толығырақ [«Таңшолпанда».](http://tankaz.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-evgeniy-brusilovskiydi-tu-an-k-ni-637128](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-evgeniy-brusilovskiydi-tu-an-k-ni-637128)