---
title: "Бүгін елде тұман, көк тайғақ, қатты жел болады"
description: "Бүгінгі күнді ауа райы мәліметінен бастайық. Қаншама күн кей өңірлерде жайлы болып тұрған күннің..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-08T03:38:38+00:00"
modified: "2024-01-08T11:58:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-elde-t-man-k-k-tay-a-atty-zhel-bolady-999637"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-elde-t-man-k-k-tay-a-atty-zhel-bolady-999637/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін елде тұман, көк тайғақ, қатты жел болады

> Бүгінгі күнді ауа райы мәліметінен бастайық. Қаншама күн кей өңірлерде жайлы болып тұрған күннің...

Бүгінгі күнді ауа райы мәліметінен бастайық. Қаншама күн кей өңірлерде жайлы болып тұрған күннің енді бұзылатын түрі бар.

![Бүгін елде тұман, көк тайғақ, қатты жел болады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/fbc7d5efcb65ab16c8c466cba1bc66.jpg)

​Сонымен, Қазгидромет ел аумағында 8 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады Синоптиктердің дерегіне қарағанда, бұрынғысынша ҚР аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. «Жауын-шашын жауады, елдің солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар түсуі мүмкін. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі», — делінген ақпаратта. Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтілуде. Күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары болады. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 30 м/с және одан да жоғары болады. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары деп болжануда.

Kazinform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-elde-t-man-k-k-tay-a-atty-zhel-bolady-999637](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-elde-t-man-k-k-tay-a-atty-zhel-bolady-999637)