---
title: "Бүгін Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионы атағы үшін сынға түседі"
description: "Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды. Бүгін жарыстың..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-10-15T00:36:11+00:00"
modified: "2015-10-15T00:36:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-daniyar-eleusinov-pen-ivan-dychko-bokstan-lem-chempiony-ata-y-shin-syn-a-t-sedi-581810"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/b-gin-daniyar-eleusinov-pen-ivan-dychko-bokstan-lem-chempiony-ata-y-shin-syn-a-t-sedi-581810/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бүгін Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионы атағы үшін сынға түседі

> Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды. Бүгін жарыстың...

Дохада (Катар) өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер басталды. Бүгін жарыстың бұл кезңіне шыққан екі қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін сынға түседі.

![Бүгін Данияр Елеусінов пен Иван Дычко бокстан Әлем чемпионы атағы үшін сынға түседі](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/rLKUfNU4I6NbtU1E7DJHFDeSvhhbiH.jpg)

Жерлестеріміз арасынан шаршы алаңға алғашқы болып құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) шығады. Ол финалда мароккалық Мохаммед Рабиимен кездеседі.

Ал, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко (+91 келі) Әлем чемпионы атағы үшін франциялық Тони Йокамен таласады.

Айта кетейік, бокстан Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін [«KAZsport»](http://kazsport.kaztrk.kz/live.php) телеарнасы бүгін сағат 21:55-те тікелей эфирде көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/b-gin-daniyar-eleusinov-pen-ivan-dychko-bokstan-lem-chempiony-ata-y-shin-syn-a-t-sedi-581810](https://yvision.kz/kk/post/b-gin-daniyar-eleusinov-pen-ivan-dychko-bokstan-lem-chempiony-ata-y-shin-syn-a-t-sedi-581810)